САЙРАМДЫҚТАР МЫРЗАҒАЛИ АЙТЖАНОВ ПЕН ҚАЙРАТ ЕРАЛИЕВКЕ ТҰЛПАР МІНГІЗДІ

195
оқылым

Сайрам ауданының әкімі Б.Мамаев бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы Қайрат Ералиев пен бапкері Мырзағали Айтжановқа құрмет көрсетті.

Сайрам ауданы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бокстан жасөспірімдер арасында Сайрам ауданының ашық біріншілігі өткізілді.

Сайрам ауданы

Осы біріншіліктің салтанатты ашылуына аудан әкімі Бақтияр Мамаев және Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, Қазақстан Республикасының бокстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов және шәкірті Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері, 2017 жылғы Германияның Гамбург қаласында өткен әлем чемпионатының жеңімпазы Қайрат Ералиев қатысып, жас спортшыларға табыс пен сәттілік тіледі.
Іс-шара соңында аудан әкімі әлем чемпионы мен оның бапкеріне тұлпар мінгізді.

Бөлісу