ГОЛОВКИН МЕН АЛЬВАРЕСТІҢ ДӘЛ ТИГІЗГЕН СОҚҚЫЛАРЫ ЕСЕПТЕЛДІ

123
оқылым

canelo vs ggg

Youtube желісіндегі «Artorias Boxing» арнайы Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегінде дәл тиген соққыларды есептеп шығарды. Бейнебаянға сәйкес, GGG айқын басымдықпен жеңіске жетті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Дәл тиген соққылардың ара қатынасы 181:82 болып шықты. Атап айтқанда, 1-ші раунд — 8:8, 2-ші раунд — 11:8, 3-ші раунд — 10:9, 4-ші раунд — 16:6, 5-ші раунд — 17:5, 6-ші раунд — 15:6, 7-ші раунд — 15:4, 8-ші раунд — 21:6, 9-ші раунд — 13:5, 10-ші раунд — 25:12, 11-ші раунд — 13:4 және 12-ші раунд — 17:9. Осылайша, екі боксшы тек бірінші раундта ғана тең түссе, қалғаны қазақстандық боксшының үлесінде.

Айта кетейік, АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен бокс кешінде Геннадий Головкин мексикалық – Сауль «Канело» Альвареспен тең түсті. Дәл осы шешіммен жанкүйелер де, сарапшылар да келіспей отыр. Әсіресе, Альвареске 118-110 есебімен жеңіс беріп қойған Аделаида Бердтың есебіне наразылық қатты.

Дерек көзі: ҚазАқпарат

Бөлісу