НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ЗАУЫТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

160
оқылым
Нұрсұлтан Назарбаев жалпақ шыны өндіретін және өңдейтін зауыттың құрылысымен танысты
akorda.kz

Мемлекет басшысы Қызылорда қаласына жасаған сапары аясында Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы арқылы салынып жатқан зауыттың құрылысын көрді.

Сондай-ақ, Елбасы облыста іске асырылып жатқан инновациялық жобалар көрмесіне барды.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев зауыт жұмысшыларымен, жергілікті тауар өндірушілермен және өңірде жұмыс істеп жатқан шетелдік компаниялардың өкілдерімен кездесті.

– Елімізде инвесторларды тарту үшін қолайлы жағдай жасалды. Бұл жұмысты жалғастыратын боламыз, – деді Қазақстан Президенті.

Айта кетсек, аталған зуыттың өндірістік қуаты жылына 197 мың тонна жалпақ шыны өндіруге жетеді. Бұл өнім ішкі нарыққа, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан және Түркияға жеткізілетін болады. Зауыт 2018 жылы іске қосылады деп жоспарланған.

Бөлісу