ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ: БОЗЫМБАЕВҚА СӨГІС БЕРУ ҮШІН ЕЛБАСЫНА ҰСЫНЫСХАТ ЖОЛДАЙМЫН

160
оқылым

Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев президенттен Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа елдегі бензин тапшылығының орын алуына қатысты сөгіс жариялауды сұрайтынын мәлімдеді.

– Ертеректе бізде баға жоғары болғандықтан Ресейге кетеді десек, енді Ресейдегі баға жоғары болғандықтан «көлеңкеде» сатылуда дейміз. Яғни, үнемі сылтау әйтеуір. Сондықтан мен мұнымен келісе алмаймын. Мұның барлығын сылтау және өзінің тікелей лауазымдық міндетінен жалтару деп бағалаймын. Бұл үшін жауапкершілік болуы тиіс. Сондықтан да мен сөгіс жариялау туралы ұсынысхат енгіземін, – деді Бақытжан Сағынтаев.

Өз кезегінде Қанат Бозымбаев та пікірін білдірді. «Мен министрмін. Менің тағдырым президенттің қолында. Ол қалай айтса, солай болады», – деді министр.

Бөлісу