БЕЛАРУСПЕН ТАУАР АЙНАЛЫМЫ 1 МЛРД ДОЛЛАРҒА ЖЕТЕДІ

155
оқылым

Қарағандыда Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Беларусь үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 13-отырысы өтті.

БЕЛАРУСПЕН ТАУАР АЙНАЛЫМ

Онда сауда, инвестициялар, өнеркәсіп кооперациясы, ауыл шаруашылығы, ғылым және технологиялар, көлік және логистика салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Асқар Мамин Қазақстан мен Беларусьтің Еуразиялық экономикалық одақтағы, посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық бірлестіктерге қатысуы секілді барлық деңгейдегі мемлекетаралық байланыстарының табысты жүргізіліп келе жатқандығын атап өтті.

Тараптар алғашқы жеті айдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Беларусь арасындағы сауда айналымының артқандығын ерекше атап өтті. Мәселен, 2017 жылғы қаңтар-шілде аралығындағы сауда айналымы $313,7 млн құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 75,6 пайызға өскендігі байқалды.

«2020 жылдарға қарай екі ел арасындағы сауда айналымын 1 млрд АҚШ долларына жеткізуіміз керек», — деп атап өтті А. Мамин.

ҮАК қазақстандық тарабының теңтөрағасы А. Маминнің айтуынша, Қазақстан мен Беларусь мемлекеттерінің өнеркәсіп кооперациясы, көлік-логистикалық секторда, ғарыш саласында, агроөнеркәсіп кешенінде, мәдени- гуманитарлық және ғылыми-техникалық салаларда бірлескен жобаларды табысты жүзеге асыруға әлеуеті жеткілікті.

Бөлісу