ҚАЗАҚСТАН ҚЫТАЙҒА 15 ҚАЗАННАН БАСТАП ГАЗ ЭКСПОРТТАЙДЫ

432
оқылым

Қазақстан мен Қытай арасында бір жыл ішінде 5 млрд текше метр қазақстандық газ жеткізу туралы тарихи келісімшартқа қол қойылды.

«ҚазТрансГаз» АҚ — ұлттық операторының күтілетін экспорттық түсімі шамамен 1 млрд АҚШ долларын құрамақ.
«ҚазТрансГаз» АҚ және «PetroChina International Company Limited» компаниясы арасында сатып алу-сату шарты жасалды. Газды экспортау жұмыстары 15 қазаннан басталады деп жоспарланып отыр. Газ өндірісінің ресурстық базасы Қазақстанның батысынан және «ҚазТрансГаз» АҚ-ның жерасты қоймаларындағы газ қорларынан алынбақшы. Қытай тарапынан газды қабылдау орны ретінде «Қорғас» шекара бекеті анықталды», делінген компания хабарламасында.

Бөлісу