«ШЫҢЫРАУ» – «САМҒАУ-2017» КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

153
оқылым

Самғау кинофестивал

Оңтүстік Қазақстан облыстық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен мамыр айында бастау алған жас режиссерлар байқауы ақтық мәреге жетіп, үздіктердің арасынан  өз жеңімпаздарын анықтады.

Самғау кинофестивалЕлбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:  рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жастар арасында насихаттай отырып, оңтүстіктің дарынды жастарын қолдап, ой салар туындыларды жарыққа шығару мақсатында өткен фестивалге 100-ден аса шығарма жиналып, ақтық мәреге 17 туынды жолдама алған.

Қатысушы жас режиссерлар отансүйгіштік қасиеттер мен ішкі туризм, спорт, жемқорлық пен мотивациялық, отбасылық құндылықтары мен әлеуметтік мәселелерді көтере отырып, 20 минуттық қысқаметражды бейнефильмдер түсіру арқылы  жастарға ой салуды  көздеген.

Үздік деп танылып, бас жүлдеге  — «Шыңырау» фильмі, 1 орынға – «Барыңды бағала», 2 орынға – «Игра судьбы», 3 орынға – «Әке» фильмі ие болып,  «Үздік актриса» номинациясымен — Холлоуэй Диана және  «Үздік актер»  номинациясымен — Нуриддин Асан марапатталды.

Бөлісу