ШЫМКЕНТТЕ «ШАҢЫРАҚ» ЖАС ОТБАСЫЛАР МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

139
оқылым

Шымкентте алғаш рет облыстық «Жастар ресурстық орталығының» жанынан «Шаңырақ» жас отбасылар мектебі ашылды. Алдағы уақытта аталған мектеп жастарға ғана емес, жас отбасылар мен болашақ келіндерге, отбасын құруды ниет еткен ер жігіттерімізге де кеңес беріп, қызмет көрсетпек.

«ШАҢЫРАҚ» ЖАС ОТБАСЫЛАР МЕКТЕБІ

Айта кетсек, мектептің жұмыс істеу жүйесі бірнеше қадамнан тұрады. Алдымен, отбасын құруға сөз байласқан 29 жасқа дейінгі жұп «Неке сарайына» некеге тұру туралы өтінім береді. Онда АХАЖ бөлімі жас отбасылар мектебінің 32 сағаттық оқыту курсынан өтуге жолдама беріп, жастар психологиялық, заңгерлік, медициналық кеңестер мен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызға қанығып, аспаздық (қыздар) және қолөнер шеберлігіне (ерлер), сондай-ақ, биге қатысады. Мұнан бөлек, тақырыптық тренингтер мен шеберлік сабақтарынан өткен жұпқа арнайы сертификат табысталып, «Неке сарайынан» неке туралы куәлікпен қоса, арнайы Love story фотосессиялары мен отбасы бақыты туралы кітаптар, көркемфильмдер сыйға тартылады.

Еске сала кетсек, орталықтың ашылу салтанатына жазушы, қазақы салт-дәстүрлерімізді насихаттаушы Зейнеп Ахметова арнайы келіп, жас отбасылар мектебінің алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Айта кетерлігі, орталықта көрсетілетін қызметтердің барлығы ақысыз.

Бөлісу