МЕШІТТЕН КЕЙІНГІ ҰЛЫҚ ОРЫН — КІТАПХАНА

172
оқылым
Балалар кітапханасы ашылды
shymkent.gov.kz

Шымкентте Қала күні мерекесіне орай жасөскіндерге тосын сый ретінде балалар кітапханасы пайдалануға берілді.

Қалалық орталықтандырылған балалар кітапханасы жүйесіне қарасты №2 кітапхана бөлімшесінің іргетасы 1977 жылы қаланған. Шаһардың 112 орамында орналасқан кітапханада 34 мыңға жуық кітап қоры және 2 мыңға жуық оқырман бар. Бүгінде рухани байлық іздеген балалардың  қатары артып, оқырман саны 20 мыңға жеткен.

Рухани орталықтың ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы Мархабат Байғұт қатысып, лентасын қиды.

Қайрат Нұртай, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары:
— Елбасымыз Н.Назарбаев болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» мақаласында сауатты, креативті, жаңа жетістікті меңгерген ұрпақ тәрбилеуіміз керек деген болатын. Кітапхана нағыз – білімнің құдығы. Бұл кітапхананың қоры аз емес, енді балаларымыз кітапты электронды түрінде оқуына мүмкіндігі бар. Оқушылардың бүгін көп жиналғанына қуанып тұрмын.

Жаңа кітапхана жиһаз, компьютерлік техникамен жабдықталған. Интернет желісіне қосылып, «РАБИС» электронды бойынша жұмыс жүргізіп келеді.
Айта кетейік, Шымкентте 14 балалар кітапханасы бар.

Бөлісу