“DEARS”ТЕРІ ДИМАШТЫ МАЙКЛ ДЖЕКСОНҒА ҰҚСАТТЫ

226
оқылым

Белгілі Қытай әншісі Коко Лидің Ханчжоудағы әлемдік тур концертінен соң Димашты фанаттары әлемдің поп-музыка королі Майкл Джексонмен теңестірді — деп хабарлайды Qazaqia.kz сайты.

Мұны @kudaibergenov.dimashтың Instagram парақшасына жүктелген мына фотоға жазылған пікірлерден көруге болады.

Қытай ғана емес Голливдқа танымал Коко Лидің 1999 жылы Майкл Джексонмен және осы жылдың 23 қыркүйегінде Ханчжоу қаласындағы жеке шығармашылық кешінде Димашпен түскен естелік фотосы.

Айта ктерлігі, бұл халықаралық ән кешіне отандасымыз Димаш Құдайберген құрметті қонақ ретінде шақырту алып, кеш иесі Коко Лимен бірге “Earth Song” әнін орындады.

“Майкл Джексон жан дүниесінің ішкі иірімдері бейнеленген ғаламшар туралы бұл әуен СоСо Лидің кәсіби орындаушылық шеберлігі мен Димаштың табиғат берген талантымен өзара үйлесім тауып, тыңдармандарын сүйсіндірді. Бір қызығы, музыка әлемінде экологиялық тақырыпты ең сәтті көтерген поп король М.Джексон “СоСо — Dimash” дуэтінің Кумирі екен”, — деп жазды cctv.com сайты.

Бөлісу