САЙРАМНАН СҮТ ӨНІМДЕРІНІҢ ТҮР-ТҮРІН ТАБАСЫҢ

109
оқылым

Cайрамда «Компания Натур Продукт» мекемесі «Хан» сауда маркасымен  айран, ірімшік, йогурт, құрт, сары май сынды сүт өнімдері шығарылады. Серіктестік Ақбұлақ ауылында орналасқан. Тәулігіне  20  тонна сүт өңдеуге қауқарлы өндіріс орынында 32 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Өткен жылдың қорытындысымен өндірісте 108,2 млн. теңгенің өнімі өндіріліп,  бюджетке 19,2 млн. теңге салық төлеген. Ал ағымдағы жылдың жеті айында 71 млн. теңгенің өнімі нарыққа жіберілген.

«Агробизнес 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында  субсидия бөлінеді. Бүгінгі таңда кәсіпорынды кеңейту мақсатында  өндіріс қуаттылығын  арттыру  үшін тәулігіне 70 тонна сүт өңдейтін  құрал-жабдықтар алынып, монтаждау жұмыстары басталған.

Кәсіпорын басшысы алдағы уақытта өндірісті кеңейту мақсатында Ақсу ауылында  тәулігіне 150 тонна сүт өңдейтін жаңа зауыт құрылысын жүргізуді жоспарлап отыр.

Бөлісу