ОҚО ІІД 83 МЫҢНАН АСТАМ ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАДЫ

263
оқылым

Жылдың басынан ОҚО ІІД Процессингдтік орталығымен бірге автоматтық режимде жұмыс істейтін техникалық бақылау құралдары заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Құқық бұзушыларға барлығы 1,5 миллиард теңге әкімшілік айыппұл салынып, 600 миллион теңгесі облыс бюджетіне өндірілді. Қазіргі таңда ОҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасы Процессингтік орталығымен Шымкентте 21 «Редспид» жылдамдық өлшеуіш құралы, 21 «Интегра» зияткерлік көше қиылысы және 6 жол қозғалысын бақылайтын алты дана «Крис П» жүйесі жұмыс жасауда.

«Процессингтік орталықтың базасына мәлімет тікелей түсіп, одан соң заңбұзушының тұрғылықты мекен-жайына пошта арқылы жөнелтіледі. Бұл тұрғындардың жол полицейімен тікелей қарым-қатынас жасамай, жемқорлық әрекеттінің төмендеуіне алып келеді», — деп мәлімдейді ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.

Бөлісу