«НАУРЫЗ» АЛАҢЫНА ТАЯУ ЖЕРДЕ ШУ ӨТКІЗБЕЙТІН ҚОРШАУ ОРНАТЫЛДЫ

162
оқылым

НАУРЫЗ АЛАҢЫ

Шымкенттегі «Наурыз» алаңына жақын тұратын тұрғындардың өтiнiшi бойынша арнайы қоршау қойылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігі Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Еске сала кетейік, бұған дейiн «Қайтпас» шағынауданының тұрғындары «Наурыз» алаңында болатын мәдени-жаппай iс-шаралар кезiнде келетiн қатты шу мен зообақтан жететiн жағымсыз иiске байланысты қалалық әкiмдiкке бiрнеше рет шағымданған болатын.

Енді міне, тұрғындар тілегі көп ұзамай шешімін тапты. Қазiргi таңда арнайы шу өткізбейтін сапалы қоршау орнатылды.

Бөлісу