АСТАНАДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 50 МОДУЛЬДІК САУДА ПАВИЛЬОНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

184
оқылым

Елорданың азық-түлік белдеуін жетілдірудің жол картасы Мемлекет басшысының 2017 жылғы сәуірде берген тапсырмаларына сәйкес әзірленді.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлімдеді.

Сауда инфрақұрылымын кеңейту бойынша үшінші міндетті іске асыру үшін Астана қаласында жыл соңына дейін 50 модульдік сауда павильоны іске қосылады. Осы мақсаттарға орай, елорда әкімдігі жер телімдерін бөліп, «Көше саудасын дамыту» бағдарламасы аясында 90 млн теңге көлемінде инвестициялар тартты.
«Жалпы, Жол картасын іске асыру Астана қаласының халқын «баға–сапа» тепе-тең қатынасы бойынша қажетті азық-түлік көлемімен қамтамасыз етеді», – деді Қ. Айтуғанов.

Бөлісу